Қазақстандық қос теннисші Иран астанасында топ жарды

Қазақстандық қос теннисші Иран астанасында топ жарды
Теннис

Қазақстандық қос теннисші Иран астанасында өткен ITF Juniors J100 топ жарды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Турнирдің жекелей сыны финалында Даниал Рахматуллаев жарыстың бірінші ракеткасы Дмитрий Буртцевпен шеберлік байқасып, 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Даниалдың жеңісті жолын отандасы Әмір Омарханов жұптық сында жалғады. Ол Тегерандағы додада болгариялық Иван Найденовпен бірге өнер көрсетіп, финалда қарсыластарын 7:6, 6:3 есебімен жеңіп, чемпион атанды.