16 жастағы теннисші “Уимблдон” негізгі кезеңіне өтті
Теннис
Ресейлік теннисші Мирра Андреева 2023 жылғы “Уимблдон” жарысының негізгі кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
16 жастағы Мирра Андреева іріктеу кезеңінің финалында неміс теннисшісі Тамара Корпачты 7:5, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Ресейлік спортшы мансабында алғаш рет Лондондағы “Үлкен дулыға” жарысы негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Ал оның турнирдің бірінші айналымындағы қарсыласы ертең белгілі болады.