Анна Данилина Ұлыбританиядағы жарыстың ширек финалында сүрінді

Анна Данилина Ұлыбританиядағы жарыстың ширек финалында сүрінді
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Истбурндағы (Ұлыбритания) WTA 500 жарысының ширек финалында жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнирдің 1/4 финалында қазақстанлық-қытайлық жұп Анна Данилина мен Сюй Ифань Дезире Кравчик (АҚШ) - Деми Схюрс (Нидерланд) дуэтіне қарсы ойнап, екі сетте 2:6, 4:6 есебімен жеңілді. 

Матч барысында Данилина мен Ифань үш қосарланған қателікке жол берді.