Тимофей Скатов “Уимблдон” іріктеуінде сүрінді

Тимофей Скатов “Уимблдон” іріктеуінде сүрінді
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов “Уимблдон” жарысының негізгі кезеңінде өнер көрсетпейді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақ теннисшісі Лондонда өтетін “Үлкен дулыға”

жарысы іріктеу кезеңінің ширек финалында бельгиялық Киммер Коппеянспен шеберлік байқасты. Отандасымыз бірінші сетте 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жеткенімен, екінші және үшінші партияларды бельгиялық спортшы өз пайдасына жазды - 6:4 және 7:6 (13:11).

Осылайша, Тимофей Скатов Уимблдонның негізгі кезеңіне жолдама ала алған жоқ. Ол өткен жылы Аустралия ашық чемпионатының, биыл Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайыстарынан сүрінбей өтіп, жарыстардың негізгі кезеңінде өнер көрсеткен еді.