Александр Бублик көгалдағы кортта сүрінбей келеді
Теннис
Imago
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Галледегі АТР 500 жарвсының ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Германиядағы доданың 1/8 финалында қазақ теннисшісі әлемнің 21-ракеткасы, корт иесі Ян-Леннард Штруфпен сынға түсті. Бірінші партия 6:3 есебімен Бубликтің пайласына шешілсе, екінші сетте неміс спортшысы кеткен есесін қайтарды - 7:6 (7:4). Ал шешуші партияда Александр Бублик осалдық танытпай, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
АТР 500 жарысының жартылай финалына шығу үшін отандасымыз әлемнің 9-ракеткасы Янник Синнермен (Италия) кездеседі.