Анна Данилина Берлиндегі жарыстың ширек финалына шықты

Анна Данилина Берлиндегі жарыстың ширек финалына шықты
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан WTA 500 турнирініңі ширек финалына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина мен қытайлық Сюй Ифань 1/8 финалда германиялық-ресейлік жұп Лаура Зигемунд пен Вера Звонареваға қарсы ойнап, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Бір сағаттан сәл ұзаққа созылған ойында Данилина мен Ифань 9 брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды. Қазақстандық-қытайлық жұп жартылай финалға шығу үшін чехиялық Катерина Синякова - Маркета Вондрусовамен шеберлік байқасады.