Чемпиондар лигасы жеңімпазы “Барселонаға” ауысты
“Манчестер Ситидің” орталық жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган мансабын “Барселонада” жалғастырады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Munro Deportivo жазуынша, 32 жастағы Илкай Гюндоган кеше, сәрсенбі күні Мюнхенде медициналық тексерістен өтіп, агентімен бірге “Барселона” директоры Матеу Алеманимен кездесіп, екі жылдық келісімшартқа қол қойған. Оған қоса, егер неміс футболшысы клубтағы екінші маусымында 60%-дан астам матчқа қатысса, келісімшарт тағы бір жылға ұзартылады.
Дереккөздің жазуынша, каталониялық клбу трансфер жайынды ресми мәлімдеме жасаған. Оған Гюндоганның өтініші себеп болған. Өйткені, Илкай Гюндоган “Манчестер Сити” жанкүйерлерімен қоштасуды қалап отыр.
Илкай Гюндоган “Манчестер Сити” сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп, Англияның бес дүркін жеңімпазы атанды және Чемпиондар лигасында топ жарды.