Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Шамкен Байырбектің facebook-тегі парақшасы

Семсерлесуден еліміздің ерлер құрамасы Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Финалда отандастарымыз Жапонияға жол берді. Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай квартеті Филиппин (45:37) мен Өзбекстан спортшыларын ұтып (45:40), жартылай финалға шықты. Сонымен қатар былтырғы құрлық чемпионы Оңтүстік Кореяны жеңді (42:36).

Осыған дейін 2018 жылы Бангкокта біздің құрама финалға шығып, Қытайға жол берген. Ал 2019 жылы Тибада (Жапония) қола алған.