Рыбакинаның Уимблдон финалындағы қарсыласы көгалдағы маусымды сәтсіз бастады

Рыбакинаның Уимблдон финалындағы қарсыласы көгалдағы маусымды сәтсіз бастады
Теннис

Sport-express.ru

Тунистік теннисші Онс Жабер Берлиндегі WTA 500 жарысының алғашқы айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Әлемнің 6-ракеткасы бәсекенің бірінші кезеңінде әлемдік рейтингте 120-орында тұрған Юле Нимайерден 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді. 

Еске салайық, былтыр Онс Жабер отандасымыз Елена Рыбакинаның Уимблдондағы “Үлкен дулыға” жарысы финалында қарсыласы болған еді. Ал Елена Рыбакина болса, Берлиндегі бәсекенің екінші айналымына шықты.