Бейбіт Жұқаев Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды

Теннис
22 жастағы Бейбіт Жұқаев Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Кәсіби теннисшілер қауымдасты жариялаған жаңартылған рейтингте Бейбіт Жұқаев 256-орыннан бірден 236-орынға көтерілді. Осыдан екі апта бұрын Бейбіт Жұқаев 325-сатыда тұрған еді. Оның мұндай нәтижеге қол жеткізуіне Литтл-Роктағы (АҚШ) "Челленджер" жарысында финалға шығуы, ал Пуэрто-Рикодағы бәсекеде жартылай финалға дейін жетуі ықпал етті.