Шавкат Рахмоновтың қарындасы әлемнің үш дүркін чемпионы атанды
Жекпе-жек
Жеңіліп көрмеген қазақ файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова қоян-қолтық ұрыстанә лемнің үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
NAIZA лигасы турнирінде ресейлік Валерия Карыгинаны жеңгеннен кейін Сора Рахмонова қоян-қолтық ұрыстан Астанада өткен әлем чемпионатына қатысты. Спортшы әлем біріншілігінде өзіне тең келер ешкім жоқ екенін дәлелдеп, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.
Айта кетейік, қоян-қолтық ұрыстан 7-ші әлем чемпионаты 16-18 маусым күндері Астанада өтті. Халықаралық додада Қазақстан ұлттық құрамасы 21 алтын, 19 күміс және 21 қола жүлде жеңіп алды.