Қазақ теннисшісі АТР 250 сайысының шешуші кезеңіне өтті

Қазақ теннисшісі АТР 250 сайысының шешуші кезеңіне өтті
Теннис

Telegram/Рыбакинаның ракеткасы

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов Нидерланд елінің Хертогенбос қаласында өтіп жатқан АТР 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге өнер көрсетіп жатқан Александр Недовесов жартылай финалда аустралиялық Алекс де Минаур - Джордан Томпсон жұбына қарсы ойнауы керек болған. Бірақ эквадорлық-қазақстандық жұптың қарсыластары белгісіз себептермен матяқа келмей қалды. Сондықтан Эскобар мен Недовесов финалға тікелей жолдама алды және шешуші сында Уэсли Колхов - Нил Скупски жұбына қарсы ойнайды.