Бейбіт Жұқаев “Челленджер” жарысының жартылай финалына шықты

Бейбіт Жұқаев “Челленджер” жарысының жартылай финалына шықты
Теннис

Telegram

Қазақтың жас теннисшілерінің бірі Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикода өтіп жатқан “Челленджер”

жарысы сериясының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ширек финалда отындасымыз канадалық Лиам Драксльмен шеберлік байқасып, екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Бір сағат 45 минутқа созылған ойында Бейбіт Жұқаев 6 эйс жасады. Оның жартылай финалдағы қарсыласы енді белгілі болады.