Александр Недовесов АТР 250 жарысының жартылай финалына шықты

Александр Недовесов АТР 250 жарысының жартылай финалына шықты
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Нидерланд елінде өтіп жатқан АТР 250 жарысының жарытлай финалына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Хертогенбос қаласындағы бәсекеде эквадорлық Гонсало Эскобармен жұп болып өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда қазақстандық-эквадорлық жұп Робин Хасе – Таллон Грикспур дуэтін 6:3, 6:4 есебімен жеңді. АТР 250 жарысының финалына шығу үшін Недовесов пен Эскобар аустралиялық жұп Алекс де Минаур – Джордан Томпсонмен шеберлік байқасады.