Қазақстанның үздік теннисшісі Нидерландтағы жарыстың ширек финалына шыға алмады

Қазақстанның үздік теннисшісі Нидерландтағы жарыстың ширек финалына шыға алмады
Теннис

Андрей Ударцев

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Нидерланд елінің Хертогенбос қаласында өтіп жатқан АТР 250 жарысының үшінші кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнирдің екінші айналымында Александр Бубликтің қарсыласы италиялық Янник Синнер болды. 1 сағат 23 минутқа созылған ойын 6:4, 6:2 есебімен әлемнің тоғызыншы ракеткасының пайдасына шешілді. 

Айта кетейік, бірінші кезеңде қазақ теннисшісі бельгиялық Давид Гоффенді жеңген болатын.