“Челсидің” 41 жастағы экс қақпашысы хоккей клубымен келісімшартқа қол қойды
Хоккей
NIHL
“Челси” және “Арсенал” футбол клубтарының экс қақпашысы Петр Чех ағылшындық “Оксфорд” хоккей командасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
“Командадағы кейбір әріптестеріммен қайта ойнайтын күнді асыға күтемін. “Оксфордтың” мүмкіндігі көп. Клубқа көмегімді тигізе аламын”, - деді Петр Чех.
Бұған дейін 41 жастағы Петр Чех “Гилфорд Феникс” және “Челмсфорд” хоккей клубтары намысын қорғады.