Денис Евсеев Пуэрто-Рикодағы жарысты ерте аяқтады

Денис Евсеев Пуэрто-Рикодағы жарысты ерте аяқтады
Теннис

Olympic.kz

Қазақ теннисшісі Денис Евсеев Пуэрто-Риконың Пальмес дель Мар қаласында өтіп жатқан “Челленджер” сериясы турнирінің екінші айналымына шыға алмай қалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бірінші кезеңде қазақ теннисшісі бразилиялық Лукас Реис Да Сильвамен шеберлік байқасып, қарсыласына 7:5, 4:6, 5:7 есебімен жол берді. 

3 сағатқа жуық уақытқа созылған матчта отандасымыз үш қосарланған қателікке жол беріп, бірде-бір эйс жасаған жоқ.