АТР жаңартылған рейтингіндегі қазақ теннисшілерінің жайы қандай

АТР жаңартылған рейтингіндегі қазақ теннисшілерінің жайы қандай
Теннис

Getty Images

АТР дүниежүзілік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жаңартылған әлемдік рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Александр Бублик үздік елулік қатарына қайта еніп, 47-орынға тұрақтады. Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов 12 сатыға жоғарылап, 135-орынға табан тіреді. Михаил Кукушкин де рейтингтегі жағдайын жақсартты, енді ол - әлемнің 252-ракеткасы (+44). 

23 мәрте “Үлкен дулыға” жарысының жеңімпазы атанған Новак Джокович әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Екінші орында испаниялық Карлос Алькараса, ал ресейлік Даниил Медведев үздік үштікті түйіндеді.