Ролан Гаррос: Каролина Мухова бірегей нәтижеге қол жеткізді

Ролан Гаррос: Каролина Мухова бірегей нәтижеге қол жеткізді
Теннис

Әлемнің 43-ракеткасы Каролина Мухова “Ролан Гаррос” турнирінде бірегей нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Чехиялық теннисші WTA рейтингінде топ-40 енбей, Франция ашық біріншілігі финалына жолдама ала алған тарихтағы үшінші спортшы атанды. 

Ол жартылай финалда 2023 жылғы Australian Open чемпионы Арина Соболенконы жеңіп, бірінші рет “Үлкен дулыға” жарыстарының финалына шықты. 

Бұған дейін мұндай нәтижеге 2017 жылы Елена Остапенко (Латвия) мен 2020 жылы Ига Швентек (Польша) қол жеткізе алған. Бір қызығы, Остапенко да, Швентек те сол жарыстарда чемпион атанған.