“Барысқа” швециялық шабуылшы келеді
Хоккей
Shaiba.kz
Астаналық “Барысқа” швециялық шабуылшы Понтус Оберг келеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Михаил Зислис мәлімдеді.
29 жастағы хоккейші өткен маусымды Чехияда бастап, “Младу Болеслав” құрамындағы 26 ойында 13 (3+10) ұпа еншілеген. Сонан кейін швейцариялық “Рапперсвильге” ауысып, 28 матчта өз есебіне 23 (11+12) ұпайды жазды.
Понтус Оберг 2020-2021 жылдар маусымында ҚХЛ-ла өнер көрсетіп, “Трактор” наымысын қорғады.
Ал Ұлттық хоккей лигасында хоккейші “Нэшвилл”, “Эдмонтон”, “Анахайм”, “Миннесота” мен “Торонто” құрамында өнер көрсетті. ҰХЛ тұрақты маусымдарында өткізген 132 ойынында 44 (17+27) ұпай еншілесе, Стэнли Кубогы үшін таластың 18 матчына қатысып, 5 (2+3) ұпай олжалаған.