Ролан Гаррос: Ига Швентек төрт жылда үшінші мәрте финалға шықты

Ролан Гаррос: Ига Швентек төрт жылда үшінші мәрте финалға шықты
Теннис

Planetsport.com

2023 жылғы “Ролан Гаррос” әйелдер арасындағы жекелей сынның жартылай финалы аяқталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек 1/2 финалда бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен кездесіп, екі сетте 6:2, 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, польшалық теннисші төрт жыл ішінде осымен үшінші мәрте “Ролан Гаррос” турнирінің финалына шығып отыр. Бұған дейін 22 жастағы спортшы “Ролан Гаррос” турнирінде бір рет чемпион атанған.

Айта кетейік, Ига Швентек чемпиондық атақ үшін таласта чехиялық Каролина Муховамен шеберлік байқасады.