Әлемнің екінші ракеткасы “Ролан Гаррос” финалына шыға алмай қалды
Теннис
Reuters
Теннистен Франция ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы жартылай финалы аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Биылғы “Ролан Гаррос” бәсекесінің финалы жолдамасының бірін белорусиялық Арина Соболенко мен Чехия өкілі Каролина Мухова өзара сарапқа салды.
3 сағат 16 минутқа созылған матчта чехиялық теннисші 7:6, 6:7, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Каролина Мухова финалда әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентекпен сынға түседі.