"Ролан Гаррос" турнирінің жартылай финалына кімдер жолдама алды

Теннис

REUTERS

Теннистен 2023 жылғы "Ролан Гаррос" турнирі ерлер мен әйелдер жекелей сынында жартылай финалға шыққан ойыншылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Франция ашық біріншілігінің финалы үшін әйелдер арасында Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швентек (Польша), Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия), Каролина Мухова (Чехия) таласады. Әйелдердің жекелей сынындағы 1/2 финал ойындары бүгін, 8 маусым күні өтеді. 

Жартылай финал жұптары келесідей: 

Арина Соболенко (Беларусь) - Каролина Мухова (Чехия)

Ига Швентек (Польша) - Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия)

Ал ерлерден финалға шығу үшін Новак Джокович (Сербия), Карлос Алькарас (Испания), Александр Зверев (Германия) пен Каспер Рууд (Норвегия) өзара сынға түседі.

Ерлер арасындағы 1/2 финал жұптары:

Каспер Рууд (Норвегия) - Александр Зверев (Германия)

Карлос Алькарас (Испания) - Новак Джокович (Сербия)

Ерлердің жартытай финалдық ойындары 9 маусым күні өтеді.