Елена Рыбакина әлемдік рейтингтің топ-3 қатарына енеді

Елена Рыбакина әлемдік рейтингтің топ-3 қатарына енеді
Теннис

Reuters

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина келесі дүйсенбі, 12 маусым күні әлемнің үшінші ракеткасы атанады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Тунистік Онс Жабер “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалында бразилиялық Беатрис Хаддад Майядан 6:3, 6:7 (5:7), 1:6 есебімен үш сетте жеңілді.

Осы себептен отандасымыз WTA жаңартылған рейтингісінде әлемнің үздік үштігінің қатарына енеді.

Еске салайық, Елена Рыбакина “Ролан Гаррос” турнирін денсаулығына байланысты үшінші айналымда аяқтауға мәжбүр болды.