Танымал бапкер әлемдегі үздік боксшыны атады

Танымал бапкер әлемдегі үздік боксшыны атады
Бокс

Танымал бапкер Фредди Роуч жартылай орта салмақта WBO чемпионы Теренс Кроуфорд (39-0) пен жартылай орта салмақта WBC, IBF және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы Эррол Спенс (28-0) арасындағы жекпе-жек алдында Кроуфордты әлемдегі үздік боксшы деп атады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Меніңше, Кроуфорд — әлемдегі үздік боксшы. Ол өте мығым, Спенске ауыр соғатыны анық. Екеуіне де оңай болмайды. Себебі екеуі де шебер боксшылар. Бұл жекпе-жекті көруге асықпын, - деді Роуч лучший боксер Artist Sports-ке берген сұхбатында.

Кроуфорд пен Спенс арасындағы айқас 29 шілде күні Лас-Вегастағы «Ти-Мобайл Аренада» өтеді.