Новак Джокович ерлер теннисінде теңдессіз рекорд орнатты

Новак Джокович ерлер теннисінде теңдессіз рекорд орнатты
Теннис

Getty Images

2023 жылғы "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалында ресейлік Карен Хачановпен шеберлік байқасқан сербиялық теннисші Новак Джокович теннис тарихында теңдессіз реокрд орнатты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Матчтың екінші сетінде Новак Джокович тай-брейкте 7:0 есебімен жеңіске жетті. Джокович осымен мансабында 307-ші мәрте тай-брейкте жеңіске жетті. Сербиялық теннисші 162 рет тай-брейкте жеңіліс тапқан екен. Сәкйесінше, "Үлкен дулыға" турнирлерінің 22 дүркін чемпионы мансабында өткізген тай-брейктерінің 65,5%-ында жеңіске жеткен. Бұл 1968 жылдан бастап есептегенде, ерлер теннисіндегі ең үздік нәтиже. 

Осы жылы Джокович 14 тай-брейкте жеңіске жетіп, тек төртеуінде қарсыласына есе жіберді. 

Франция ашық біріншілігінде 36 жастағы спортшы бес тай-брейк өткізіп, олардың бірде-біреуінде қателік жібермеген. 47 тай-брейктің барлығында да Джоковичтің қрасыластары сербиялық теннисшінің қателігін пайдалана алмаған.