Жас қазақ баласы ІТF турнирінің абсолютті чемпионы атанды

Жас қазақ баласы ІТF турнирінің абсолютті чемпионы атанды
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Грузия астанасы Тбилисиде 18 жасқа дейінгі жастар арасында ITF J60 турнирі аяқталып, қазақ теннисшісі Әмір Омарханов жарыстың абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

15 жастағы қазақ спортшысы жекелей және жұптық сындарда үздік шықты. 

Отандасымыз жарыстың жекелей сынының финалында әзербайжандық Канан Гасимовпен кездесіп, 6:1, 6.3 есебімен жеңді. Финалға дейін де Әмір Омраханов бірде-бір рет жеңіліс тапқан жоқ. 

Ал жұптық бәсекеде Әмір Омраханов болгариялық Иван Найденовпен бірге өнер көрсетіп, қазақстандық жұп Ілияс Маратұлы - Виталий Зацепинді 6.3, 6:4 есебімен ұтты. 

Осылайша, Әмір Омарханов ITF Juniors додасындағы бесінші титулына қол жеткізді.