Рыбакинаның басты қарсыласы “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалына шықты

Рыбакинаның басты қарсыласы “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалына шықты
Теннис

Getty Images

Әлемнің екінші ракеткасы белорусиялық Арина Соболенко мансабында тұңғыш рет “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ширек финалда украиналық Элина Свитолинамен кездескен әлемнің екінші ракеткасы қарсыласын екі сет қорытындысында 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Арина Соболенко финал жолдамасы үшін чехиялық Каролина Муховамен сынға түседі. 

Еске салайық, отандасымыз Елена Рыбакина “Ролан Гаррос” турнирін денсаулығына байланясты жалғастырудан бас тартқан еді.