Қазақ теннисшісі "Челленджер" турнирінің екінші айналымына шықты
Теннис
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақ теннисшісі Тимофей Скатов Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан "Челленджер" сериясы турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бірінші кезеңде босниялық Дамир Джумхурмен кездескен отандасымыз қарсыласын 5:7, 1:6 есебімен жеңді. 1 сағат 41 минутқа созылған ойында қазақ баласы 2 қосарланған қателікке жол беріп, мүмкін болған 18 брейк-поинттың жетеуін сәтті жүзеге асырып, бірде-бір эйс жасамады.
Келесі кезеңде Тимофей Скатов Уго Дельен (Боливия) - Хауме Муньяр (Испания) матчы жеңімпазымен кездеседі.