Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің финалында жеңілді

Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің финалында жеңілді
Теннис

Сурет: Андрей Ударцев

Қазақтың жас теннисшісі Бейбіт Жұқаев Американың Литл-Рок қаласында өткен “Челленджер” турнирінің финалында жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Шешуші бәсекеде отандасымыз 20 жастағы эстониялық Марк Лаялдан 6:4, 7:5 есебімен жеңілді. 

Айта кетейік, Бейбіт Жұқаев осы турнирдің ширек финалында отандасы Михаил Кукушкинмен кездескен еді.