Әлем чемпионатында алғаш рет жүлде алған Латвия құрамасына қанша сыйақы беріледі

Әлем чемпионатында алғаш рет жүлде алған Латвия құрамасына қанша сыйақы беріледі
Хоккей

Сурет: Getty Images

Латвияның білім және ғылым министрлігі мемлекеттің хоккей федерациясы мен тұңғыш рет әлем чемпионатында қола жүлде еншілеген ұлттық құрамаға бөлінетін қаржы көлемін атады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Үкімет шешіміне сәйкес, Латвия хоккей федерациясы мен ұлттық құрамаға 576 717 еуро бөлінеді. 

Әлем чемпионатында үшінші орын алған команда ойыншыларына, бапкерлер мен қызметкерлерге 220 мың еуродан беріледі деп жоспарланып отыр. Ал федерация бұл қаржыдан 356 717 еуро алады. 

Министрлік пен федерация арасындағы келісімге сәйкес, бөлінген қаржының 250 мыңы балалар мен жасөспірімдер жаттығуына, ал 106 717 еуро хоккейді дамытуға жұмсалады. 

Айта кетейік, Латвия құрамасы үшінші орын үшін матчта АҚШ-ты овертаймда 4:3 есебімен жеңген еді.