Германиядағы бокс кеші сенсациямен аяқталды

Бокс
Гамбургте жергілікті боксшы Леон Бунн (19-1, 10 КО) мен түркиялық Серхат Гюлер (2-0, 1 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Айқас 12 раундқа есептеліп, жартылай ауыр салмақта WBC International Silver атағы сарапқа салынды. Дегенмен кездесу Гюлердің қарсыласын нокаутқа жіберуімен аяқталды. Әйтпесе бұл жекпе-жекте неміс жеңеді деп сенгендер көп болды.
Осылайша, Серхат Гюлер кәсіби бокста үшінші рет жеңіске жетсе, Леон Бунн осымен екінші рет жеңіліске ұшырады.