Елена Рыбакина “Ролан Гаррос” турнирін жалғастырудан бас тартты

Елена Рыбакина “Ролан Гаррос” турнирін жалғастырудан бас тартты
Теннис

Сурет: Instagram.com/lenarybakina

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірініші ракеткасы Елена Рыбакина “Ролан Гаррос” турнирін жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз жарыстың үшінші айналымындағы матчына денсаулығына байланысты қатысудан бас тартты.

”Кеше кешке басым ауырып, жағдайым нашарлап, дене қызуым көтерілді. Таңертең жағдайым жақсара ма деп едім, бірақ қазір де әлсіздік бар. Мұндай жағдайда кортта жақсы ойын көрсете алуым екіталай. Сондықтан бапкерлеріммен ақылдаса отырып, жарыстя осы жерден аяқтауға бел будық”, - деп түсіндірді бұл шешімін Елена Рыбакина баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бүгін жарыстың 1/8 финалына шығу үшін Елена Рыбакина испаниялық Сара Соррибес-Тормомен кездесуі керек болған.