“Барыстың” үздік қорғаушысына ота жасалды

“Барыстың” үздік қорғаушысына ота жасалды
Хоккей

Сурет: “Барыс” ХК

Астаналық “Барыс” хоккеы клубының үздік қорғаушысы Әділ Бекетаевқа ота жасалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ойыншының иығына ота жасалған. Бұл туралы 25 жастағы қорғаушы Instagram парақшасында жазып, отаның сәтті өткенін жеткізді. 

Еске саалйық, өткен маусымда Әділ Бекетаев ҚХЛ тұрақты маусымы 64 матчында 21 (3+18) ұпай еншілеген. 

Ригажа өткен әлем чемпионатында 7 матчқа қатысқан қорғаушы 4 (1+3) ұпай олжалады. Ол Канада құрамасы қақпасына гол соғып, көзге түсті. Әділ Бекетаев өткен маусымда “Барыстың” да, Қазақстан ұлттық құрамасының да үздік қорғаушысы атанды.