Сұңғат Жұбатқан Душанбедегі Гран-приде жүлде алды

Сұңғат Жұбатқан Душанбедегі Гран-приде жүлде алды
Дзюдо

Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан Гран-приде қазақ балуаны. Сұңғат Жұбатқан 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол алғашқы белдесуінде Израиль дзюдошысын, 2-айналымда жарыс қожайыны Нұрали Эмомалиді ұтқан. 

 Алайда ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді. Одан кейін жұбаныш белдесінде Ұлыбритания палуаны жеңіп қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. 

Мұнда ол испаниялық Адриан Нето Чинарродан басым түсті.

Бұл Ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы медалі.