АҚШ-тағы "Челленджер" турнирінде екі қазақ теннисшісі өзара кездеседі

АҚШ-тағы
Теннис

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

АҚШ-тың Литтл-роке қаласында өтіп жатқан "Челленджер" турнирі ширек финалында қазақстандық дерби болады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жарыстың 1/8 финалы қорытындысында өз қарсыластарын жеңген Бейбіт Жұқаев пен Михаил Кукушкин жартылай  кезең жолдмасын өзара сарапқа салатын болды. 

Турнирдің екінші айналымында Бейбіт Жұқаев америкалық Николас Морено-Де-Альборанды 6.2, 6:7 (1:7), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жеткен. Кукушкин болса, тағы бір америкалық спортшы Теннис Сандгреннен басым түсті.