Әлем чемпионатында сенсация жасаған құрамаға қарсы қылмыстық іс қозғалды

Әлем чемпионатында сенсация жасаған құрамаға қарсы қылмыстық іс қозғалды
Хоккей

Финляндияда хоккейден әлем чемпионатынан кейін Латвия ұлттық құрамасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бұған латвиялық хоккейшілердің ойын жейдесіне тігілген серіктестің логтипі себеп болған. Команда жейделерінде эстониялық OlyBet букмекерлік кеңсесінің логотипі жарнамаланған. Ал Финляндия заңына сәйкес, ел аумағында тек Veikkaus компаниясы ғана азарттық ойындарды жарнамалай алады. 

Осылайша, кеше, дүйсенбі күні әлем чемпионаты тарихында алғаш рет қола жүлде жеңіп алған Латвия құрамасына қатысты Финляндия полициясы қылмыстық іс қозғады.

Еске салайық, биылғы әлем чемпионатында Канада 28 рет жеңімпаз атанса, Германия күмәс жүлдеге қол жеткізген.