Канада әлем чемпионаттарының рекордын жаңартты

Канада әлем чемпионаттарының рекордын жаңартты
Хоккей

Хоккейден Канада ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында Латвияны 4:2 есебәмен жеңіп, шешуші сынға жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Осылайша, Канада ұлттық құрамасы қатарынан төртінші рет әлем чемпионаты финалына шығып отыр. Бұл 1992 жылы әлем чемпионаттарына плей-офф сериясы енгізілгеннен бері жаңартылып отырған рекорд. 

Бұған дейін Канададан өзге, Чехия, Ресей мен Финляндия құрамалары қатарынан үш реттен финалға шыққан. 

Жалпы, Канада 27 мәрте әлем чемпионы атанған. Бүгін 23:20-да басталатын матчта Канада құрамасы 28 рет әлем чемпионы атану үшін Германиямен сынға түседі.