Бүгін хоккейден жаңа әлем чемпионы анықталады

Бүгін хоккейден жаңа әлем чемпионы анықталады
Хоккей

Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизиондағы әлем чемпионатының финалы өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Биыл алтын жүлдеге жартылай финалда Латвия мен АҚШ-ты жеңген Канада және Германия құрамалары таласады. 

Канада мен Германия құрамалары арасындағы финал тарихи болмақ. Өйткені, бұған дейін екі команда финалда жолығып көрмеген. Сонымен қатар, 1930 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионаты финалына шығып отыр. 

Матч Астана уақытымен 23:20-да басталалы. Оның тікелей эфирін BasSport.kz сайтының “Трансляциялар” бөлімінен тамашалауға болады.