Боксшы Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасында жартылай финалға жолдама алды
Бокс
ҰОК
Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан ширек финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Бүгін, 9 қарашада Қазақстан атынан Ақнұр Тұрсынғали шаршы алаңға шықты.
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Сенегал өкілі Хадидиату Буаромен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Ақнұр Тұрсынғали 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.