Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін белдеседі
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финал жолдамасы үшін Жапония өкілі Кото Гомимен белдесіп, қарсыласына 5:1 есебімен есе жіберді. Енді Айдос 25 қазанда әлем чемпионатының қола медалі үшін бозкілемге шығады.
Айта кетейік, бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған еді.