Конференция лигасы: «Қайрат» Алматыда «Панатинаикостан» ірі есеппен жеңілді
«Қайрат» ФК
Алматылық «Қайрат» Конференция лигасы жалпы кезеңінің екінші туры аясында өз алаңында Грекияның «Панатинаикос» клубымен кездесіп, 1:5 есебімен ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қонақтар кездесу басталысымен-ақ үстемдік танытты. Ойынның 6-минутында италиялық жартылай қорғаушы Висенте Таборда жылдам гол соғып, есеп ашты. Екінші голды да «Панатинаикос» футболшысы соқты. Шабуылшы Сириль Дессерс 11 метрлік айып соққысын (пенальти) сәтті орындап, есепті еселеді. Алматылық клуб ойыншыларының да есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болғанмен, доп қарсылас қақпасына дарымай қойды. Керісінше грекиялық команданың шабуылы жүйелі болды. Матч бітерге таман Тете үшінші гол салған. Алайда VAR-дың араласуымен гол есепке алынбады.
Екінші тайм басталған бойда Сириль Дессерс дубль жасап, көп ұзамай африкалық легионер Кингс Кангва төртінші допты «Қайрат» қақпасын- енгізді. Матчтың 75-минутында македониялық шабуылшы Эльмин Растодер есепті еселеді. Көп өтпей алаң иелері де гол соқты. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан «Қайраттың» жас түлегі Исмаил Бекболат айып алаңының сыртынан шірене соққы жасап, жұбаныш голын өз атына жазды.
Айта кетейік, «Қайрат» өзінің келесі еурокубоктық матчын 5 қараша күні Бергамо қаласында Италияның атақты «Аталанта» клубына қарсы өткізеді.