Нодира Ахмедова China Open турнирінде қола жүлдеге ие болды
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Чанша қаласында өткен China Open халықаралық турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті.
Нодира финалға шығу үшін өткен бәсекеде қытайлық Цзюй Цзоға жол берді.
Осылайша қазақстандық таеквондошы жарысты қола жүлдемен аяқтады.