Теннис

Томлянович Рыбакинаның шеберлігін бағалады

WTA ресми сайтында Айла Томлянович пен франциялық теннисшісі Ализе Корне арасындағы кездесуге шолу жарияланды. Материалда Әйелдер теннисі қауымдастығының баспасөз қызметі Томляновичтің болашақ қарсыласы қазақстандық Елена Рыбакинаның шеберлігін жоғары бағалады.

«Бұл жолы Томляновичтің ширек финалда тағы бір қиын қарсыласы бар: қазақстандық Елена Рыбакина. Осы маусымдағы тур көшбасшысы Рыбакина дүйсенбі күні Петра Мартичті төртінші раундта жеңді», – деп жазады дереккөз.

Сондай-ақ, Томляновичтің өзі Қазақстанның бірінші ракеткасы туралы пікір айтты:

«Оның ойыны мықты. Егер ол өз ойынын ұстап алса, өте қиын болады. Қолымнан келсе, мен бірінші нөмірде ойнап, оны қимылдатамын. Менің ойымша, бұл маңызды рөл атқарады».

Еске салайық, Рыбакина мен Томлянович арасындағы ширек финалдық кездесу бүгін елорда уақытымен 18:00-де басталады.

Дереккөз: prosports.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button