Теннис

Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Теннистен Қазақстан құрамасы Простеевте (Чехия) жасөспірімдер арасында (14 жасқа дейін) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 

Словения командасымен екінші кездесуде Заңғар Нұрланұлы Жиго Шешконы  2:4, 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Даниэль Тазабеков словениялық Свит Сулжичті 3:6, 7:6, 6:2 есебімен ұтты.

Жартылай финалда отандастарымыз Германия немесе Болгария ойыншыларымен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button