Дзюдо

Тағы екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық Аруна Жангелдина Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

78 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қола жүлде үшін жекпе-жекте отандасымыз Тайвань өкілі Жен Жао Ма-дан мықты болды.

Ересектер арасындаға Азия чемпионатына алғаш рет қатысқан Аруна қазан айында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастайтынын хабарлады.

Сондай-ақ, қола жүлдені Нұрлыхан Шархан да ұтты.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 22 жастағы қазақстандық дзюдошы қола үшін күресте Тәжікстаннан келген Абубакри Акобирден мықты болды.

Спортшының айтуынша, жартылай финалдағы жеңілісінің себебі – бапкерінің айтқанын тыңдамауында екен.

«Жаттықтырушымның айтқанын орындамай, өзім шешіп қабылдап, соның кесірінен сәтсіздікке ұшырадым», – деді Нұрлыхан Шархан.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button