Футбол

«Шахтер» ойыншылары 4 ай бойы жалақыларын ала алмай жүр

Қарағандылық «Шахтер» негізгі құрамының ойыншылары бірнеше ай бойы жалақыларын ала алмай жүр. 

Ақпарат көзінің хабарлауынша, қаржылық проблемалардың кесірінен команда ойыншыларына 3-4 ай бойы ақша төленбей жатыр.

Айта кетейік, сәуір айында «кеншілердің» бұрынғы тәлімгері, ал қазір Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев командадағы қаржылық қиындықтар туралы айтқан болатын.

Жақында қарағандылықтардың жастар құрамы Қазақстан Кубогының топтық кезеңінің қорытынды турында «Астанадан» 1:7 есебімен ұтылған еді.

КПЛ турнир кестесінде «Шахтер» тоғызыншы орында тұр.

Дереккөз: kazfootball.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button