Басқа

Шахмат Олимпиадасында қазақстандықтар кезекті жеңісіне жетті

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы жетінші ойынын өткізді.

Еліміздің ерлер құрамасы 5 тамызда Испаниядан 2,5:1,5 есебімен басым түсті. Олардың қатарынан Ринат Жұмабаев, Арыстанбек Оразаев, Қазыбек Нөгербек тең түссе, Әлішер Сүлейменов жеңіске жетті.

Елімізідң әйелдер құрамасы Вьетнамды 2,5 – 1,5 есебімен жеңді. Құрама сапынан Жансая Әбдімәлік қарсыласынан басым түссе, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева мен Назерке Нұрғали тең нәтижеге қанағат білдірді.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button