Теннис

Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирін сәтті бастады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 58-орында тұрған мысырлық Маяр Шерифпен шеберлік байқасты.

Е.Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Отандасымыз екінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші, қазіргі 9-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі мәрте жеңімпазы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездеседі.

Жүлде қоры 2,5 млн АҚШ долларынан асатын Цинциннати жарысы 21 тамызда мәреге жетеді. Өткен жылы мұнда биыл тенниспен қош айтысқан әлемнің бұрынғы 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти үздік шыққан болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Elena Rybakina 🐠 (@lenarybakina)

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button