Жекпе-жек

Қуат Хамитов қарсыластарымен емес, көлік кептелістерімен күресе бастады

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Қуат Хамитов Алматыдағы кептеліс мәселесінің шешу жолдарын тапты. 

Әлеуметтік желілерінде ол жағдайды қалай жақсартуға болатынын айтып, бейне хабарлама жариялады:

«Менің ойымша, барлық солға бұрылыстарды алып тастау керек, бірақ оңға бұрылыстар — қызыл немесе жасыл болса да — қалдырылуы тиіс. Егер сіз үнемі оңға бұрыла алсаңыз, онда қалада кептелістер жоқ болады», — деді Хамитов.

Естеріңізге сала кетейік, жылдың басында «Найман» қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін ұсталған еді. Содан кейін ол мансабының аяқталғанын мәлімдеді. Алайда, жақында файтер торға оралуға шешім қабылдады және келесі жекпе-жекке дайындықты бастап кетті. Кездесудің өтетін күні мен орны әзірге белгісіз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button